Президент: Елорда заманауи урбанистиканың үлгісі болуы керек
Президент үйлесімді қала кеңістігін қалыптастыруға айрықша мән беру қажеттігін және азаматтардың тұрмыс-тіршілігі ме ...
Астана спортшылары «Таза Қазақстан» ауқымды экоакциясын қолдап, 1 минут ішінде белсенді әрі пайдалы әрекеттер жасауға болатынын көрсетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Елорда әкімдігінің ресми сайтының мәліметінше, Орталық саябақтағы серуен жолдарын қоқыстан тазартып, салауатты өмір салтын сақтау мен қоршаған ортаны қорғаудың маңыздылығын көрсетті. Осылайша астаналықтар сүйікті қаласына деген қамқорлығын тағы бір мәрте дәлелдеп, экоакцияға қатысты.
Менің ойымша, бір минут ішінде көп нәрсе істеуге болады. Мысалы, қоғамдық орындарда, автобуста, саябақта немесе жаттығу залында кез келген қоқысты жинап, тиісті орынға тастауға болады. Ал спортшылар үшін жаттығудан кейін пайдаланған жабдықтарын орнына қою – жақсы әдетке айналуы тиіс, — деді жеңіл атлетикадан аға жаттықтырушы Айдын Сапарханов.
Президент үйлесімді қала кеңістігін қалыптастыруға айрықша мән беру қажеттігін және азаматтардың тұрмыс-тіршілігі ме ...
Биылғы он бір айда Астанада жол-көлік оқиғасынан 675 бала зардап шеккен, 5 бала қаза болған. Мемлекет басшысы елор ...
БАӘ астанасында The Games of the Future Abu Dhabi 2025 халықаралық турнирі өз мәресіне жетті. Алты күнге созылған ...