Еліміздің оңтүстігінде жер сілкінді
Зардап шеккендер мен қирандылар туралы ақпарат жоқ. Еліміздің төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, с ...
0:00:00
0:00:00Жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқыңыз!
Ақтөбе облысы, Қобда ауданында жергілікті маңыздағы жолды су шайып кетті. Он екі үйлі Қанай елді мекеніне қатынас уақытша тоқтады.
Жолдың жалпы ұзындығы 3 шақырым. Қазіргі уақытта бұл жерге қажетті техника мен мамандар жіберілді. Су деңгейі төмендегеннен кейін көлік қатынасы қайта қалпына келтіріледі. Ал Ойыл ауылының тұрғындары үшінші тәулік қайықпен қатынап жатыр. Осы уақытқа дейін құтқарушылар су көлігімен 350-ге жуық адамды тасымалдаған. Судың деңгейін төмендету мақсатында мамандар өткелді ашып жіберуге шешім қабылдаған еді. Ол үш тәулік ішінде қайта қалпына келтірілуі тиіс.
Аслан Арзымбетов, облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің басқарма бастығы:
ТЖМ әскери бөлімі жұмыс істеуде. Біздің бірінші мақсатымыз – ол жерде жергілікті тұрғындарды қауіпсіз тасымалдау. Яғни бес қайық бөлінді біздерден.
Қостанай облысында көтерме жолды су басты
Қостанай облысындағы Жітіқара ауданында Желқуар өзенінің үстінен өтетін республикалық маңыздағы жолды су басты. Бұл Қазақстан мен Ресей шекарасындағы бейтарап аумақ. Көтерме жолдан асып ағып жатқан судың тереңдігі 20 см, ұзындығы 70 метр. Су деңгейінің көтерілеуіне күннің күрт жылынуы себеп болған. Қазір көлік қозғалысы шектелді.
Жақсыбек Кемал
Зардап шеккендер мен қирандылар туралы ақпарат жоқ. Еліміздің төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, с ...
Зардап шеккендер жоқ. Қорғаныс министрлігі БҚО-да белгісіз ұшқышсыз ұшу аппаратының жарылысы тіркелгенін мәлі ...
Апаттың нақты неден болғаны туралы әзірге ақпарат жоқ. Техастағы Форт-Уорт маңында жеңіл моторлы Beech King A ...