
Жетісу облысы Ақсу ауданында фельдшер шалғай ауылдардың бірінде медициналық көмекке мұқтаж әйелге атпен жетуге мәжбүр болды. Бұған толассыз жауған жаңбыр салдарынан жолдың көлікке қолайсыз болуы себеп болды.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының Instagram парақшасында жергілікті тұрғынның фельдшерді атпен қарсы алған сәті түсірілген видео жарияланды.
«Толассыз жауған жаңбыр салдарынан жол жүру қиындап, жедел жәрдем ауылға жете алмай қалды. Салт атты жергілікті тұрғын фельдшерге көмекке келді.
Фельдшер өзімен бірге медициналық қобдишасын алып, атқа мінгесті. Жылқы су шайған жолмен медицина қызметкерін ауылға жеткізді. Науқасты тасымалдауға басқа да арнайы қызметтер жұмылдырылды. Бірлескен іс-әрекет пен жергілікті тұрғынның қамқорлығының арқасында әйел облыстық ауруханаға жеткізілді. Бұл оқиға төтенше жағдайда өзара көмек пен жедел әрекет етудің маңыздылығын көрсетеді», — делінген хабарламада.
TOP
-
-
-
-
-
"Екеуміз де арбаға таңылдық": көптен көрінбей кеткен Нұрлан мен Мұрат денсаулығы туралы айтты
18.03 -
-
-
-
-
-
-
-
-