Қызылордалық оқушылар донорға арналған смарт-қосымша жасады
Қызылордалық өнертапқыш оқушылар донорларға арналған смарт-қосымша жасады . Жобаның мақсаты- тұрақты донар ...
Шымкентте Nazira Gold» қаржы пирамидасының қызметін тоқтатылды, деп хабарлайды 24KZ. Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметіне сенсек, күдіктілер өздерін зергерлік бұйымдар сатумен айналысатын компания ретінде таныстырып, салымшыларға қаражатының 20-40%-ін ай сайын беріп отыруға уәде берген .
Алайда төлемдер сатудан түскен пайдадан емес, жаңа қатысушылардың салымдарынан берілген. Қаржы пирамидасына 4 мыңнан астам адам ақша салған. Күдіктілер жиналған қаражатқа пәтер мен көліктер алыпты. Тәркіленген қолма-қол ақша да қыруар. Қазір олар қамауда, сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
Ернар Тайжан, ҚР ҚМА ресми өкілі:
- Қылмыстық табысқа күдіктілер екі пәтер, тұрғын үй және 10 автокөлік сатып алған. Тінту барысында 374 миллион теңге қолма-қол ақша және құны 300 миллион теңгеден астам 12 кг алтын бұйымдар тәркіленген. Күдіктілер екі айға қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр. Заңға сәйкес басқа ақпарат жариялауға жатпайды.
Қызылордалық өнертапқыш оқушылар донорларға арналған смарт-қосымша жасады . Жобаның мақсаты- тұрақты донар ...
Тау-кен металургия саласын мониторинг жасаудың жаңа құралы кеңінен қолданысқа енгізіліп жатыр. Ол бақылау к ...
Иран мен Ирак әуе кеңістігінің жабылуына байланысты Қазақстаннан қатынайтын ұшақтардың бағыты өзгеруі мүмкін. Air ...