Жеңісті Берлинде қарсы алған сарбаз сұхбат берді
Екінші дүниежүзілік соғысқа Қызылорда облысынан 150 мың сарбаз аттанып, олардың тек 60 мыңы ғана елге оралд ...
Қазақстан-Қытай ынтымақтастық комитетінің аясы кеңейеді.
Енді оның құрамына индустриалды-инвестиция жөніндегі үйлестіру комитеті қосылады. Сонымен қатар білім саласында кіші комитет құрылатын болды. Мұндай шешім Бейжіңде өткен комитеттің 12-ші отырысында қабылданды. Тараптар осы арқылы өзара байланысты нығайтуға мүдделі. Жиынға үкімет басшысының бірінші орынбасары Роман Скляр қатысты. Онда кедергісіз сауда, өндіріс, мәдени-гуманитарлық байланысты дамыту жайы талқыланды. Сондай-ақ, тараптар су ресурстары және мұрағат саласындағы ведомствоаралық ынтымақтастықты нығайту жөніндегі бірқатар құжаттарға қол қойды.
Роман Скляр, Қытайдың мемлекеттік кеңесі премьерінің орынбасары:
- Дин Сюэсянмен келіссөз жүргізді. Онда инвестиция, көлік және логистика, ауыл шаруашылығы, энергетика, туризм салаларына қатысты өзара іс-қимылды нығайту мәселелеріне назар аударылды. Қатысушылар қазақ-қытай арасындағы ынтымақтастықтың даму қарқынын оң бағалады. Айта кету керек, өткен жылдың қорытындысы бойынша екіжақты сауда көлемі 43,8 миллиард долларға жетті. Сапар аясында қазақстандық делегация қытайдың ірі компания жетекшілерімен жүздесті. Олар Қазақстанда көмір химиясы, жаңартылған энергия көздері, көлік жасау, ауыл шаруашылығы салаларында бірлескен инвест жобаларды іске асыруды талқылады. Кездесуде Премьер-министрдің бірінші орынбасары қытайлық компанияларды қазақстандық бизнес-қоғамдастықпен тығыз әріптестікке шақырды. Өз кезегінде жетекші компаниялардың өкілдері стратегиялық жобаларды іске асыруға дайын екендерін айтты.
Екінші дүниежүзілік соғысқа Қызылорда облысынан 150 мың сарбаз аттанып, олардың тек 60 мыңы ғана елге оралд ...
Қызылордада салынып жатқан жылу электр орталығы биыл пайдалануға беріледі, деп хабарлайды 24KZ. Құрылыстың 70%-і б ...
Владимир Зеленский мен Дональд Трамп телефон арқылы сөйлесті. Ақ үй басшысы өзінің әлеуметтік парақшасында әңгімен ...