• 21-03-2025

«Қазақмыс» қауіпсіздікті тексеру үшін кеніштер жұмысын уақытша тоқтатады

«Қазақмыс» компаниясы өндірістік қауіпсіздік пен еңбекті қорғау шараларын күшейту үшін кеніштердің жұмысын уақытша тоқтатады. Атап айтқанда, 20 наурыз бен 24 наурыз аралығында бірқатар кеніштер мен кен байыту фабрикаларының жұмысы уақытша тоқтайды. Ал апат болған Жомарт кенішінде тексеру жұмыстары жалғасып жатыр. Өндірістегі қауіпсіздік ережесін тексеру үшін арнайы комиссия құрылған-ды. Олқылықтардың орны толтырылып, еңбек жағдайының қауіпсіздігі расталғаннан кейін ғана мұндағы жұмыс қайта жалғасады. Айта кетерлігі, компания басшылығы кеніштердің жұмысы тоқтағанмен, жұмыскерлерге жалақы төлеу жалғаса беретінін хабарлады.