• 21-03-2025

Қызылорда облысында 30 мыңға жуық адам ұлттық спорт түрлерімен айналысады

Қызылорда облысында Наурызнама онкүндігі

аясында ұлттық спорттың 9 түрінен жарыс өтті. Оған 250-ге жуық спортшы қатысты. Олар көкпар, қазақ күресі, гір көтеру, тоғыз құмалақ, арқан тартыстан өзара мықтыны анықтады. Ал, аударыспақ, теңге ілу, жамбы атудан сәуір, мамыр айында өтетін Азия біріншілігі мен әлем кубогіне қатысатын үздіктер іріктелді. Ат үстінде садақ ату бойынша Ақәділ Пернебай, Заңғар Асқан мен Нұрман Махамбет жеңімпаз атанды. Мамандардың айтуынша, өңірде ұлттық спортпен 30 мыңға жуық адам шұғылданады. Қазақ күресі, көкпармен қатар, соңғы жылдары жамбы ату, теңге ілуден де Сыр спортшылары жүлдегерлер қатарына қосыла бастаған.

Исламхан Боранбаев, облыстық ат спорты түрлерінен аға жаттықтырушы:

- Теңге әлу деген де жақсы дамып келе жатыр қазір. Теңге әлуден Қазақстан Республикасының чемпионадырымыз бар. Екінші орын, күміс медальдарымыз бар.

Өмірсерік Тақырбасов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы:

- Спортпен айналысқан балалардың ешқайсысы бұзықтыққа немесе басқа бір қылықтарға бара бермейді. Олардың барлығы денесін шынықтырумен қатар ұжымға, көпшілікке үйренеді. Тіртіпті де болады, келешегі де жақсы осы елдік мүшесі болатынына көзіміз жетіп келе жатыр.