Президент: Елорда заманауи урбанистиканың үлгісі болуы керек
Президент үйлесімді қала кеңістігін қалыптастыруға айрықша мән беру қажеттігін және азаматтардың тұрмыс-тіршілігі ме ...
Қалибек Қуанышбаев театрының репертуары жаңа спектакльмен толықты , деп хабарлайды 24kz.
«Махаббатым сен...» деп аталатын драма «Нурикамал» әнінің тарихын негізге алған. Онда махаббат пен шығармашылықтың, өнер адамының жан күйзелісі мен тағдыр тартысы баяндалады. Сонымен қатар көрермен өнердің құдіретін, оның адам жанын қалай өзгертіп, қандай биіктерге жетелейтінін, кейде құрбандықты талап ететінін сезінеді.
«Бұл қойылым бір ғана әннің емес, өнердің мәңгілік екендігін дәлелдейтін поэтикалық туынды», — дейді драма авторы Жәнібек Әлікен.
Жәнібек Әлікен, пьеса авторы:
- Оқиғаны өте жақсы білесіздер. Бірақ енді бұл жердегі сәл ерекшелігі Тұрдықылыштың образына біз бүкіл өнер адамдары, оның ішінде тек композитор емес, ақын болсын, суретші болсын, актёр болсын, мүсінші болсын, бәрін тоғыстыруға тырыстық. Жинақталған образ деуге болады.
Президент үйлесімді қала кеңістігін қалыптастыруға айрықша мән беру қажеттігін және азаматтардың тұрмыс-тіршілігі ме ...
Биылғы он бір айда Астанада жол-көлік оқиғасынан 675 бала зардап шеккен, 5 бала қаза болған. Мемлекет басшысы елор ...
БАӘ астанасында The Games of the Future Abu Dhabi 2025 халықаралық турнирі өз мәресіне жетті. Алты күнге созылған ...