
Жамбыл облысы Қызылшаруа ауылында Наурыз мейрамына орай жиналған жұртты асау ат таптап кете жаздады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Оқиғаны куәгерлердің бірі видеоға түсіріп алған. Кадрдан асау ат үркіп, иесіне бағынбай, жиналғандарды қағып-соғып өткенін, жұрттың жапа-тармағай үрейлене қашқанын көруге болады.
Жамбыл облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері оқиғаға қатысты түсінік берді. Полиция мәліметінше, ауыр дене жарақатын алған адам жоқ және медициналық көмекке ешкім мұқтаж болмаған.
Полицейлер тексеру жүргізді, оның барысында жануардың иесі анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
TOP
-
-
"Есікті жұлып, терезені сындырған": Көкшетауда ер адам мектепке баса көктеп кіріп, бассыздық жасаған
24.03 -
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-