Тіл туралы заң: қоғамдық тамақтану орындарына қандай талап қойылады?
Кез келген бизнес Қазақстан Республикасының тіл туралы заң талаптарын сақтауға міндетті. Ереже бұзылса, кли ...
Қайтарылған активтер есебінен Ақмола облысының 10 ауылында жаңа медициналық нысандар салынады.
Президент тапсырмасына сәйкес, Үкімет бұл бағытқа Арнаулы мемлекеттік қордан 1,7 млрд теңге бөлу туралы шешім қабылдады. Барлығы 4 дәрігерлік амбулатория, 5 фельдшерлік-акушерлік пункт және 1 медициналық пункт пайдалануға беріледі. Бұл мекемелер әр ауысымда 400-ден астам науқасты қабылдай алады. Жобалар ауылдық жерлердегі медициналық қызмет сапасын жақсартуға жол ашады.
4 дәрігерлік амбулатория
5 фельдшерлік-акушерлік пункт
1 медициналық пункт
бөлінген қаражат — ₸1,7 млрд
Әсел Қалдыбаева, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:
- 2025 жылы 10 медициналық нысанды аяқтау жоспарлануда. Оның ішінде 8 нысан бойынша 50% құрылыс жұмыстары аяқталды. Бұл енді жоба бойынша ауылдық медицинаны жаңарту болғандықтан ең бірінші — қолжетімді медицина, ауылдағы тұрғындарға барлығы қолжетімді, жаңа медициналық стандарттарға сәйкес көмек көрсету.
Кез келген бизнес Қазақстан Республикасының тіл туралы заң талаптарын сақтауға міндетті. Ереже бұзылса, кли ...
Альбина Ержанова, Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының тас және қола дәуірі археологиясы бөліміні ...
Биыл біздің ел Арменияға бидай жөнелте бастады, деп хабарлайды 24KZ. Айдың басында алғашқы мың тоннасы 15 в ...