Еліміздің оңтүстігінде жер сілкінді
Зардап шеккендер мен қирандылар туралы ақпарат жоқ. Еліміздің төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, с ...
0:00:00
0:00:00Жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқыңыз!
Толассыз жауған жауын салдарынан Алматы облысындағы Қотырбұлақ өзені арнасынан асып, Бесағаш ауылындағы бірнеше үйдің ауласы мен медициналық нысан суға кетті. Бұл туралы облыстық Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады. Мамандар судың жайылуына өзен арнасын заңсыз тарылту себеп деп отыр. Яғни тұрғындар өзеннің табиғи арнасына қоршаулар орнатқан. Бұл су ағынының өтуіне кедергі келтірген. Қазір оқиға орнында 20-ға жуық маман жұмыс істеп жүр. Олар өзен арнасын тазартып, жан-жаққа жайылған суды сорып, қалпына келтіріп жатыр.
Дәурен Азаматов, облыстық ТЖД басқарма басшысы:
Қазіргі уақытта су ағымы тоқтатылды, заң бұзушыларды анықтау және өзен арнасының табиғи өткізу қабілетін қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Азаматтарды су нысандарын пайдалану ережелерін сақтауға және өзен арналарын рұқсатсыз өзгертпеуге шақырамыз.
Зардап шеккендер мен қирандылар туралы ақпарат жоқ. Еліміздің төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, с ...
Зардап шеккендер жоқ. Қорғаныс министрлігі БҚО-да белгісіз ұшқышсыз ұшу аппаратының жарылысы тіркелгенін мәлі ...
Апаттың нақты неден болғаны туралы әзірге ақпарат жоқ. Техастағы Форт-Уорт маңында жеңіл моторлы Beech King A ...