Ауа райына байланысты екі облыста жол жабылды
Қазақстанда ауа райының күрт нашарлауына байланысты маңызды жол учаскелерінде көліктің барлық түрі үшін шектеу енгіз ...
Ақтауда жаңа жерасты қоқыс контейнері жер астына түсіп кетті, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Lada.kz-ке сілтеме жасап.
Оқиға "Рахат-2" тұрғын үй кешені маңында, 19-шағынауданда болған. Тұрғындардың айтуынша, жауын-шашын көп жаууына байланысты топырақ шайылып, жаңа жерасты қоқыс жәшіктері жер астына түсіп кеткен.
Ақтау әкімдігінің баспасөз қызметі өкілі бұл мәселемен ТКШ бөлімі айналысып жатқанын мәлімдеді. Ал жауапты ведомство мердігерге бәрін бастапқы күйіне келтіруді тапсырған.
Оқиға орнында қоршаулар орнатылған. Шенділердің сөзінше, қалпына келтіру жұмыстары ауа райы тұрақталғаннан кейін жүргізіледі.
Қалалық әкімшілік өкілдері мердігер ұйымның атын атамады. Бұл жұмыстарға бөлінген сома да әлі белгісіз.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Қазақстанда ауа райының күрт нашарлауына байланысты маңызды жол учаскелерінде көліктің барлық түрі үшін шектеу енгіз ...
Маңғыстау облысындағы Үстірт қыраты аумағында сирек әрі аса сақ жыртқыш дала мысығы фототұзаққа ілікті, — д ...
Бүгін еліміздің басым бөлігінде тұман мен көктайғақ күтіледі. «Қазгидромет» болжамына сәйкес, солтүстік және батыс а ...