Түркияға барған туристер жаппай тоналып, барынан айырылып жатыр
Жергілікті алаяқтар және ұрылар саяхаттап барған шетел азаматтарының банктік есепшоттарынан ең кемі 15 миллиард теңгедей ...
Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ақан Рахматуллиннен Түркиядағы тәртіпсіздіктен зардап шеккендер арасында қазақстандықтар бар-жоғы сұралды, — деп хабарлайды Massaget .kz тілшісі.
Рахметуллиннің айтуынша, тәртіпсіздік басталған сәттен бастап министрлік белсенді жұмыс істеп жатыр.
"Ең бастысы зардап шеккендер жоқ. Себебі СІМ мен Бас консулдық, Анкарадағы елшілігіміз белсенді жұмыс істеп жатыр... Ыстамбұлда, Измирде және Антальяда Бас консулдықтарымыз бар. Осы жағдай басталған кезде азаматтарымызға бірден адам көп жиналатын жерлерге, наразылық болып жатқан жерлерге бармауын ескерттік. Әрине, олар — студенттер, туристер", — деді СІМ өкілі Мәжіліс дәлізінде.
Ведомство өкілі қазір Түркияда қанша Қазақстан азаматы барын нақтыламады. Оның айтуынша, қазақстандықтардың бәрі бірдей консулдық есепте тұрмайды.
Еске салайық, бұған дейін Ыстамбұлда қала мэрі Экрем Имамоглу ұсталғаны хабарланды. Артынша қалада наразылықтар басталды. Полиция шеруге қатысушыларға қарсы күш қолданды.
Экрем Имамоглу 2019 жылы наурызда Ыстамбұл қаласының мэрі болды. Муниципалдық сайлауда ол "Ұлт альянсының" атынан Ыстамбұл мэрі лауазымына үміткер болды. Имамоглу 54,22 пайыз дауыспен жеңіске жетті.
Бұған дейін, 2014 жылдан бастап ол Ыстамбұлдағы Бейликдюзю ауданының мэрі болған. Елдің басты оппозициялық күші саналатын Республикалық халық партиясының құрамына 2008 жылы кірген.
instagram.com/ekremimamoglu
Саяси мансабын бастамас бұрын ол құрылыс және жылжымайтын мүлік бизнесімен айналысқан.
Экрем Имамоглу Түркия президенттігіне үміткер саналады. 8 наурызда ол Измирдегі науқанын бастады.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Жергілікті алаяқтар және ұрылар саяхаттап барған шетел азаматтарының банктік есепшоттарынан ең кемі 15 миллиард теңгедей ...
Магнитудасы 5,8 балл болған жерасты дүмпуі Мұғла провинциясында, әсіресе Мармарис қаласына жақын аумақта қатты сезілген, ...
Түркияның Мәрмәр теңізі жағалауында орналасқан Мұғла қаласында жергілікті уақыт бойынша түнгі сағат 2:17-де магнитудасы ...