Иран енді АҚШ-тың әскери базаларын атқылауға кіріспек
Израильге жүздеген зымыран атқылап жауап берген Иран енді АҚШ-тың Таяу Шығыстағы әскери базаларын нысанаға алы ...
Иран қас жауы АҚШ-қа сес көрсетті , деп хабарлайды 24kz.
Құрама штаттардың мемлекеттік хатшысы Марко Рубио жақында қатаң мәлімдеме жасады. Оның айтуынша, Америка Иранмен соғысуға дайын. Осы ретте Тегеран жерасты зымыран қалашығын көрсетті. Мұнда дәлдігі жоғары, әрі күйрете соққы беретін, орта және алыс қашықтықтағы, ондаған метрлік зымырандар орналастырылған. Бұны Ислам Республикасының мемлекеттік ақпарат құралдары таратқан бейнежазбадан анық көруге болады. Базаны таныстыру іс-шарасына Иран Қарулы күштері Бас штабының генералы Мұхаммад Багери мен Ислам революциясы сақшылар корпусының қолбасшысы Әмір Әли Хаджизаде қатысты. Олардың сөзінше, Иран алдағы екі жылда бірнеше жерасты зымыран қалашығын салады.
Израильге жүздеген зымыран атқылап жауап берген Иран енді АҚШ-тың Таяу Шығыстағы әскери базаларын нысанаға алы ...
Иранның оңтүстік-батысындағы Шахид Чамран қаласында Израильдің соққыларының салдарынан тұрғын үй құлап, 60 тұр ...
Қос компанияның баспасөз қызметі жолаушыларға алдын ала хабар таратып отыр. Иран мен Ирак әуе кеңістігін жапқ ...