Қызылордалық оқушылар донорға арналған смарт-қосымша жасады
Қызылордалық өнертапқыш оқушылар донорларға арналған смарт-қосымша жасады . Жобаның мақсаты- тұрақты донар ...
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев ғасырлық тарихы бар мектеп ұжымдарымен алғаш рет онлайн кездесу өткізді, деп хабарлайды 24KZ. Елде ХІХ, ХХ ғасырда іргесі қаланған 100-ге тарта мектеп бар. Бұл тізімді 12 колледж де толықтырып тұр.
Мәселен, Батыс Қазақстан облысындағы 184 жылдық тарихы бар Жәңгір хан атындағы мектеп ХІХ ғасырдың орта шенінде ашылған. Мұнда ғалым Мұхаммед-Салық Бабажанов, ағартушы Макаш Бекмұхамбетов, алғашқы кәсіби баспагерлердің бірі Ғұмар Қараш сынды қазақ зиялыларының алғашқы буыны білім алған. Сондай-ақ Қызылорда облысындағы №16 мектеп-лицейі, Ақтөбедегі Ыбырай Алтынсарин атындағы мектеп, Атырау облысындағы Қызылүй мектебі мен Ақмола облысында Орман шаруашылығы, экология және туризм колледжі де ғасырдан астам уақыт бойы ел болашағын тәрбиелейтін рухани шаңыраққа айналған.
Ғани Бейсембаев, ҚР Оқу-ағарту министрі:
- Біз ғасырлық тарихы бар білім ошақтарының арнайы каталогын жасауды қолға алуымыз керек. Бұл еліміздің білім тарихының тереңдігін дәлелдейтін маңызды құжат болмақ. Сонымен қатар Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес бұл мектептер де қажеттілігіне қарай толықтай реновациядан өтіп, материалдық-техникалық тұрғыда жаңартылуы тиіс. Сондай-ақ мұнда еңбек етіп жүрген педагогтердің әлеуеті де жіті зерделеніп, оларға жүйелі қолдау көрсетілуі қажет.
Қызылордалық өнертапқыш оқушылар донорларға арналған смарт-қосымша жасады . Жобаның мақсаты- тұрақты донар ...
Тау-кен металургия саласын мониторинг жасаудың жаңа құралы кеңінен қолданысқа енгізіліп жатыр. Ол бақылау к ...
Иран мен Ирак әуе кеңістігінің жабылуына байланысты Қазақстаннан қатынайтын ұшақтардың бағыты өзгеруі мүмкін. Air ...