
Кеңгір су қоймасынан табылған жүздеген киік ұшасына қатысты Ұлытау облысы әкімдігі өкілдері түсінік берді. Олардың айтуынша, киіктер қыстан шыға алмаған, сондай-ақ бұралқы иттердің шабуылынан өлген , деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
"Ұлытау өңірінде аумақтарды қыста қырылған киік өлекселерінен тазалау жұмысы жүріп жатыр. Нәтижесінде Жезқазған қаласында 660-тан астам және Қаражал қаласында 2342 ақбөкен өлексесі табылып, жойылды.
Айта кетейік, Кеңгір су қоймасындағы мұздың еруіне байланысты қауіпсіздік мақсатында Төтенше жағдайлар департаментінің арнайы жасақталған мамандарынан құралған бөлімшелер жұмылдырылды. Қыс айында және бұралқы иттердің шабуылынан өлген киік ұшаларын жинау жұмысы әлі де жалғасын табады", — делінген әкімдік хабарламасында.
Әкімдік өкілдері киік ұшалары мал қорымында жойылатынын айтады.
"Механикалық зақымдары жоқ. Арнайы ұшаларды жою туралы комиссия мүшелерімен акт толтырылып, қол қойылды", — дейді олар.
TOP
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Экс-күйеуі әйелін бауыздаған: Жылыой ауруханасының ұжымы Мейрамгүлді ақтық сапарға аттандырды
29.03 -
-
-