Тіл туралы заң: қоғамдық тамақтану орындарына қандай талап қойылады?
Кез келген бизнес Қазақстан Республикасының тіл туралы заң талаптарын сақтауға міндетті. Ереже бұзылса, кли ...
Президент тапсырмасымен ашылған Екібастұздағы « Самғау » балалар шығармашылығы орталығы 9 мың жас талантты қабылдай алады.
Соның ішінде ерекше қажеттіліктері бар балалар бар. «Самғау» орталығында 50-ден астам педагог түрлі шеберлік сабақтары мен шығармашылық дәрістер өткізеді. Орталық Екібастұз қаласы балаларының 70% қосымша біліммен қамтиды. Мұнда би және театр залдары, музыка кабинеттері мен 275 орындық көрермен залы орналасқан. Сондай-ақ биология зертханасы, ландшафтық архитектура мен флористикалық дизайн студиялары, дебат және медиа орталықтар, тіпті fashion-студия бар. Балалар үшін IT-технологияларға арналған клубтар да жұмыс істейді. Сонымен қатар психологиялық-педагогикалық қолдау кабинеттері мен және жаттығу залымен қамтылған.
Ришат Амренов, ардагер:
- Осыдан екі жыл бұрын біздің Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев келгенде балалар орталығын ашылса деп ұсыныс жасағанбыз. Енді міне қандай кермет өзінің атына заты сай "Самғау" деген есіммен пайдалануға беріліп отыр. Осы сабақтарға немерелерім қатысып жатыр. Осында барамыз деп ұмтылады да тұрады. Жақсы болды. Балалар еліміздің болашағы, балаларымызға осындай жағдай жасалғанына біз өте қуаныштымыз.
Кез келген бизнес Қазақстан Республикасының тіл туралы заң талаптарын сақтауға міндетті. Ереже бұзылса, кли ...
Альбина Ержанова, Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының тас және қола дәуірі археологиясы бөліміні ...
Биыл біздің ел Арменияға бидай жөнелте бастады, деп хабарлайды 24KZ. Айдың басында алғашқы мың тоннасы 15 в ...