Қазақстан-БАӘ: инвестициялық ынтымақтастықтың игілігі мол
Қазақстан инвестициялық тартымды елге айналды. Осы күні Қытай, Ресей, АҚШ, Еуроодақ, Таяу Шығыс, Азия және басқа д ...
Екінші дүниежүзілік соғысқа Маңғыстаудан 4942 адам аттанып, тең жартысы елге қайтып оралмады.
Қазір өңірде көзі тірі 2 майдангер мен 400-ден астам тыл еңбеккері тұрады.
Боздақтардың өмір жолы туралы тарихи дерек облыстың мемлекеттік архивінде сақтаулы тұр.
Мәселен, сұрапыл жылдары аймақта қыз-келіншектерден құрылған санитарлар бөлімшесі болғанын екінің бірі біле бермейді.
Өлкетанушы Қойлыбай Қаражанов облыстық мемлекеттік архивінде 15 жыл еңбек етті. Көне құжаттарды ақтарып, майдангерлер және тыл еңбеккерлерімен, соғыста көз жұмған ерлердің ұрпағымен тілдесіп тарихи деректерді жинаған. Қажырлы еңбегі "Антына адал азамат", "Тағзым" секілді бірнеше кітапқа арқау болды. Жазушы атай шығармашылық ізденісі барысында маңғыстаулық 28 әйелдің санитарлық бөлімше құрамына алынғаны туралы тың мәлімет тапқан екен.
Қойлыбай Қаражанов, өлкетанушы:
- Сол 28-дің ішінде Бөріш Тышқанбаева деген кісі болды. Менің өзім көргенім. Бекмағанбетова Сара дейтін болды. Жұмағалиева Бидаш дейтін болды. Жетпісова дейтін болды. Міне, осындай адамдар қайтып келді соғыстан кейін. Олар кілең медбикелер. Көбінесе мына Волгоградқа сосын Астраханьға барды. Сол жерде көшпелі госпитальдар көп болды. Сол госпитальдарға қызмет жасау үшін аттанды көбі.
Қазір аймақта көзі тірі екі соғыс ардагері қалды. Бірі 98 жастағы Ақтау тұрғыны. Василий Салазкин 18 жасында өз еркімен әскерге алынып, 1-Қиыр Шығыс майданында жапон басқыншыларымен жаяу әскер қатарында шайқасқан. Ерлігі үшін "II дәрежелі Отан соғысы", "Қызыл Жұлдыз" орденімен марапатталған. Соғыстан кейінгі жылдары қазіргі Түркістан облысында ауыл шаруашылығы саласында көлік жүргізуші болып жұмыс істепті. Зейнетке шыққасын Маңғыстаудағы қызының қолына көшіп келген.
Василий Салазкин, Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысушы:
- 1945 жылы соғыс аяқталса да, бірінші Қиыр Шығыс майданында 3-4 ай бойы атыс тоқтаған жоқ. Жапон басқыншыларының жекелеген бөлімдері бізге оңайлықпен берілген жоқ. Көптеген қарулас жолдасым опат болды. Біз көрген сұрапыл жылдарды бүгінгі ұрпақ көрмесін. Елде мәңгілік бейбіт ғұмыр болсын.
Ақтауда тұратын екінші майдангердің аты-жөні Ольга Заривняк. Ол екінші дүниежүзілік соғыс басталғанда бар-жоғы 13 жаста болыпты. Қайсар қыз Брест облысы Клещели қаласында шоғырланған партизан жасағына байланысшы ретінде қосылады. Армия штабына маңызды ақпарат жіберумен қатар, жаралы жауынгерлерге медициналық көмек көрсеткен. Бейбіт заманда саналы ғұмырын тоқыма ісіне арнаған әжей әлемде соғыс болмауын тілейді.
Талғат Исламұлы, Саламат Бекбаев