• 02-04-2025

Спортшылар ҚР кубогында жоғары нәтиже көрсетті

28-30 наурыз күндері Prestige Horse Club базасында конкур (жабық манеж) бойынша Қазақстан Республикасы кубогы өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі .

Байрақты бәсекеде еліміздің 10 клубы мен ат спорты мектептерінен келген 30-дан астам спортшы бақ сынады. Олар екі топта 6 түрлі бағытта бақ сынады.

Prestige Horse Club намысын 5 шабандоз қорғап, жоғары нәтижелерге қол жеткізді. Спортшылары бірнеше биіктікте жүлделі орындарға ие болып, Қазақстандағы жетекші ат спорты орталығы ретіндегі беделін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Жеңімпаздар:

B тобы

115 см:

1.Байжанұлы Бекжан – Кинг Диаманд

2. Соколенко Олег – Клю Голд

3. Қартқожақ Нұрболат – Бүркіт

120 см:

1. Тұрысбекова Нұрила – Джорни

2. Бабаян Эстелла – Таймаз

3. Қабжанова Әмира – Шах

130 см:

1. Тұрысбекова Нұрила – Нагано Б

2. Байжанұлы Бекжан – Кинг Диаманд

3. Соколенко Раиса – Уран-Над Виграми

B тобының абсолютті чемпиондары:

1. Тұрысбекова Нұрила – Нагано Б

2. Соколенко Раиса – Уран-Над Виграми

3. Қартқожақ Нұрболат – Бүркіт

A тобы

120 см:

1. Соколенко Раиса – Уран-Над Виграми

2. Қабжанова Әмира – Шах

3. Тұрысбекова Нұрила – Кьюбель

130 см:

1. Баталова Ксения – Леди Ди

2. Досмаилов Ануар – Обама

3. Тұрысбекова Нұрила – Джони

140 см:

1. Баталова Ксения – Леди Ди

2. Тұрысбекова Нұрила – Кьюбель

3 Онаева Даяна – Хай Диарадо

A тобының абсолютті чемпиондары:

1. Баталова Ксения – Леди Ди

2. Онаева Даяна – Хай Диарадо

3. Тұрысбекова Нұрила – Кьюбель

Бұл сайыс ат спортының дамуына серпін беріп, еліміздегі спортшылардың біліктілігін арттыруға ықпал етті.

Қазақстанның Ат спорты федерациясы жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтап, оларға жаңа биіктер мен жарқын жеңістер тілейді!