• 02-04-2025

Айгүл Орынбек ”санасыз қатынды ұрып тәрбиелейтін бай керек” деген ақтаулық азаматқа қатаң шара қолдануды талап етті

Заңгер Айгүл Орынбек “ санасыз қатынды ұрып тәрбиелейтін заң керек” деген ақтаулық азаматқа қатаң шара қолдануды талап етті.

Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

”Ержан Саденов мырза!

Ақтау қаласының полициясы мына азаматқа шара көруін талап етемін!

Халықты азғырып отыр.

Өзінің басқада түсірген видеолары Қылмыстық кодекстің 174 бабымен сараланып, әрбір видеосын сараптамадан өткізіп жазалауды сұраймын!”, — деп жазды заңгер.

Ақтаулық азамат “Пікір жазып қолдарыңды ауыртпай-ақ қойыңдар. Басқаның проблемасын ойлағанша, үйлеріңдегі проблеманы шешіп алыңдар. Ондай мисыз, санасыз қатынды ұрып тәрбиелейтін заң керек. Оның байын бай деп айта алмаймын. Ондай қатынға шыдап келе жатқан байына рақмет айтамын. Менің әйелім болғанда ұрып өлтіріп қояр едім”, — деді ақтаулық азамат.