Қазақстанда коуч қызметін көрсетуге рұқсаты бар мамандар тізімі жарияланады
Премьер-министр Олжас Бектенов Сенат депутатының сауалына берген жауапта коучинг қызметінің кәсіби стандарты бекітілет ...
Премьер-министр Олжас Бектенов E-Gov инфрақұрылымы 24/7 режимінде жұмыс істеуі тиіс екенін айтты.
«Жалпы мемлекеттік қызметтердегі бизнес-процестерді оңтайландыруға баса назар аудару керек. Пайдаланушылар өздеріне қажетті қызметтің бәрін ең көп дегенде, «екі рет басу арқылы» алуға тиіс. Сонымен қатар Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жасанды интеллектіні белсенді түрде енгізу керек. Бірінші кезекте, «Электрондық үкімет» платформасында осыған басымдық берілуге тиіс», – деді Бектенов.
Айтуынша, бұл мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз етіп, көрсетілетін қызметтерді халыққа қолжетімді ететін болады.
«Ақпараттық жүйелердің істен шығу фактілері орын алуда. Мұндай жағдайлар «Электрондық үкімет» пен Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысын уақытша шектеуге әкеп соғады. Осыған байланысты серверлік жабдықтар мен бағдарламалық қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру бағытында қосымша шаралар қабылдауды тапсырамын. E-Gov инфрақұрылымы 24/7 режимінде мінсіз жұмыс істеуге тиіс», – деді Премьер-министр.
Мемлекеттік қызметтерді онлайн форматқа көшіре отырып, мемлекеттік бюджет шығындарын оңтайландыру қажет. Дербес деректерді қорғау мен цифрлық қауіпсіздікке баса назар аударған жөн, дейді Үкімет басшысы.
Премьер-министр Олжас Бектенов Сенат депутатының сауалына берген жауапта коучинг қызметінің кәсіби стандарты бекітілет ...
Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі 1414 SMS-шлюзіне қолжетімділікті күшейту туралы хабарлады. Е ...
Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов Президент тапсырмасына сәйкес, желтоқсан айында мемлекеттік шека ...