
Семейде мектеп оқушысын соққыға жыққан жасөспірімдердің ата-анасына қатысты әкімшілік іс қаралды.
Істі Абай облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қарады. Сот оларды балаларды тәрбиелеу жөніндегі ата-аналық міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін кінәлі деп танып, әкімшілік жаза тағайындады.
Сот қаулысымен бір жасөспірімнің әкесі 5 тәулікке қамауға алынды. Төрт ата-анаға 78 640 теңгеден айыппұл салынды, – дейді ведомство.
Еске сала кетейік бұған дейін сотта кәмелетке толмаған құқық бұзушыларды девиантты мінез-құлықты балаларға арналған мамандандырылған білім беру ұйымдарына жіберу туралы азаматтық іс қаралған болатын.
Сот шешімімен үш жасөспірім ерекше режимдегі облыстық арнайы мектеп-интернатына жіберілді, – делінген хабарламада.
Жасөспірімдердің арнаулы оқу орындарында болу мерзімі қажет болған жағдайда мекемелер әкімшілігінің өтініш хаты бойынша ұзартылуы мүмкін.
TOP
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Айттан кейін ораза қарызын өтеген дұрыс па, әлде Шәууәл айының нәпіл оразасын ұстаған жөн бе
01.04 -