Апельсин шырынының ағзаға қандай пайдасы бар?
Апельсин шырыны көпшілік үшін жай ғана таңғы аста ішетін сусын болғанымен, жаңа зерттеулер оның ағзаға әсері әлдеқай ...
0:00:00
0:00:00Жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқыңыз!
Қарағанды облысы Нұра ауданының Қараой ауылында медициналық пункт салынып жатыр. Ауылда бұрын мұндай мекеме болмаған. Жалпы, өңірдегі 92 ауылда амбулатория ескірген. Қараой ауылында медициналық пункт мүлде болмаған. Дәрігер де жоқ. Ай сайын ауданнан мамандар келіп, әкімдік ғимаратындағы аядай бөлмеде қабылдау жүргізеді. Былтыр күзде медициналық пунктің құрылысы басталды. Мекеме заманауи жабдықталып, бірнеше медицина қызметкері жұмыс істейтін болды.
Салтанат Есмағанбетова, ауыл тұрғыны:
Біздің ауылымызда кішкентай ғана ғимарат болатын. Өте ыңғайсыз. Әйел адам да, ер адам да келген кезде ыңғайсыз еді. Балаларға екпе, ем алу үшін ауданға баратынбыз.
Жалпы, Нұра ауданы бойынша 2021-23 жылдар аралығында үш ауылда медициналық нысан бой көтерсе, биыл тағы 10 ғимарат салынып жатыр. Ал жалпы 25 ауылдық округке 58 медицина маманы қызмет көрсетеді. Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, облыста 64 дәрігер тапшы. Жалпы, облыста ұлттық жоба аясында 92 ауылда медициналық нысан салу жоспарланған.
Орал Мәзитов, Нұра аудандық ауруханасының басшысы:
Осы атқарылған жұмыстардың арқасында біздің аудандағы медициналық мекемелердің 60%-ке талапқа сай жаңартылады. Бұдан бөлек, тұрғын саны 200-ден аспайтын 7 елдімекен бар. Ол ауылдардағы ескі медициналық пунктерді жаңарту мәселесін қарастырып жатырмыз. Министрлікке ұсынысымызды жібердік. Қазір бұл сұрақ қарастырылуда.
Жандос Бақытұлы
Апельсин шырыны көпшілік үшін жай ғана таңғы аста ішетін сусын болғанымен, жаңа зерттеулер оның ағзаға әсері әлдеқай ...
Скрининг ретинопатия қаупі бар 6225 баланың 17 пайызында сырқат белгілерін анықтаған. Олардың 399-ына жедел ем жасалды ...
Ақ үй тексеру нәтижелерін жариялады. АҚШ президенті Дональд Трамп қазан айында МРТ-дан өткен болатын. Ақ үй те ...