Қар құрсауында қалған жолаушыларға көмек көрсетілді
Күн райының күрт бұзылуы салдарынан елдің бірнеше өңірінде жол қозғалысы шектелді. Қазір жолда қалған жолау ...
Өскеменде жол сақшылары тұрғындар мен жүргізушілерге жол апатына ұшыраған көліктерді көрсетіп шықты, деп хабарлайды 24KZ. Күл-талқаны шыққан көліктер тиелген керуен бүкіл қаланы аралап, ел назарын аударды. «Мақсатымыз да осы еді», – дейді тәртіп сақшылары.
Өйткені Өскемен өңірі жол апаттарының саны жағынан елімізде 6-шы орында тұр. Жыл басынан бері жол үстінде болған оқыс оқиғалар кезінде 659 адам зардап шеккен. Тек соңғы бір айдың ішінде көлікті масаң күйде жүргізген 170 адам ұсталды. Енді жаз шығып, демалыс мауысымы басталғандықтан, тәртіп бұзушылар саны әлі де артуы мүмкін. Сондықтан қазір рейд шаралары жиіледі.
Дархан Такиров, патрульдік полиция батальонының командирі:
- Басты мақсат: ең қауіпті жол учаскелерін бақылауды күшейтіп, түнгі және демалыс күндергі арнайы рейдтерді жиілеттік. Сонымен қатар білім беру мекемелерімен тығыз жұмыс істеп, жастар арасында жолда өзін қауіпсіз ұстау мәдениетін қалыптастыру мақсатында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз.
Күн райының күрт бұзылуы салдарынан елдің бірнеше өңірінде жол қозғалысы шектелді. Қазір жолда қалған жолау ...
ҚР Парламент Мәжілісінің жалпы отырысы өтті ...
Сеул қаласында Қазақстанға арналған көрме өтіп жатыр. Онда оңтүстіккореялық журналист Ким Сан Ук түсірген ф ...