• 14-06-2025

Маңғыстау тұрғыны мүлкін сатып, түскен табысынан 218 млн теңге салық төлемеген

Маңғыстау облысында прокуратура мүлікті сатудан түскен табыстан млн теңге көлемінде салық төлеуден жалтарған адамды анықтады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Маңғыстау облысының прокуратурасы салық заңнамасының сақталуына талдау жүргізді.

Ведомство ақпаратына сәйкес, мүліктік табыстан 218 млн теңге көлемінде салық төлеуден жалтару фактісі анықталған

"Салық кодекстің 330-бабына сәйкес, жеке тұлғаның салық салынатын мүліктік кірісіне Қазақстан Республикасындағы мүлікті өткізу кезінде құн өсімінен түсетін кіріс жатады.

Алайда заң талаптары мен салық органы жолдаған хабарламаларға қарамастан, салық төлеуші салықтық тексеру нәтижесінде есептелген соманы төлеу жөніндегі міндеттемесін орындамаған", — дейді құзырлы орган өкілдері.

Аталған факті бойынша облыс прокуратурасы Қылмыстық кодекстің 244-бабы бойынша қылмыстық іс қозғап, тергеу жүргізіп жатыр.