
Синоптиктер демалыс күндері ел аумағында ауа райы қандай болатынын болжады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Метеорологтардың мәліметінше, алдағы демалыс күндері Қазақстанның батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, жаңбыр жауады, еліміздің орталық өңірлерінде қатты жаңбыр, бұршақ күтіледі.
Күндіз батыста ауа температурасы 22-30 градустан 30-37 градусқа дейін, солтүстік-батыста 20-30 градустан 23-33 градусқа дейін көтеріледі.
Республиканың солтүстігінде 18-28 градус жылы болады. Шығыста, орталықта керісінше ауа температурасы 20-33 градусқа дейін төмендейді.
Ал Қазақстанның оңтүстігінде термометр бағаны 25-35 градустан 29-37 градусқа дейін көтерілсе, синоптиктер оңтүстік-шығыста 30-39 градусқа дейін қатты ыстық сақталатынын болжап отыр.
TOP
-
-
-
-
-
-
-
«Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан»: Астанада полицейлерге арналған арт-терапия өтті
13.06 -
-
-
-
-
-
-