Биыл 5 су қоймасында кең ауқымды батиметриялық түсірілім жасалды
Қазіргі уақытта далалық зерттеу нәтижелері өңделіп, қорытынды есеп әзірленіп жатыр. "Қазсушар" РМК-ның "Су-метролог ...
Қазақстан жоғары оқу орындарына қабылдау науқаны мамырда басталып , тамызда аяқталады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Білім министрлігі 2025/2026 оқу жылына Қазақстанның жоғары оқу орындарына қабылдау күнтізбесін жариялады. Негізгі ҰБТ 16 мамырда басталып, 7 шілдеге дейін жалғасады.
ЖОО-ларға құжат қабылдау 20 маусым мен 25 тамыз аралығында жүргізіледі.
20 маусым мен 20 тамыз аралығында "Педагогикалық ғылымдар" мен "Денсаулық сақтау" бағыттары бойынша білім беру бағдарламаларына түсетін талапкерлер үшін арнайы емтихандар өтеді (конкурсқа қатысу үшін — 20 шілдеге дейін).
Шығармашылық емтихандарға қатысуға өтініштер 20 маусымнан 10 тамызға дейін қабылданады (конкурсқа — 7 шілдеге дейін).
Шығармашылық емтихандар 7 шілде мен 15 тамыз аралығында өтеді (конкурсқа — 20 шілдеге дейін).
Білім беру гранттары конкурсына қатысуға өтініштерді 13–20 шілде аралығында беруге болады.
Грант иегерлерінің тізімі 10 тамызға дейін белгілі болады.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Қазіргі уақытта далалық зерттеу нәтижелері өңделіп, қорытынды есеп әзірленіп жатыр. "Қазсушар" РМК-ның "Су-метролог ...
Жобаны "жеті жылдық тоқтату" ретінде түсіндіру құжаттың рәсімдік мәнін толық ашпайтыны айтылған. Энергетика ми ...
Әлеуметтік желіде өзін Оқу-ағарту министрлігінің қызметкері ретінде таныстырған белгісіз адамдар үйлерді ...