Қар құрсауында қалған жолаушыларға көмек көрсетілді
Күн райының күрт бұзылуы салдарынан елдің бірнеше өңірінде жол қозғалысы шектелді. Қазір жолда қалған жолау ...
Қызылорда облысында жаңа зауыт салынады, деп хабарлайды 24KZ. Кәсіпорын жылына 500 мыңға дейін санитарлық-техникалық бұйымдар шығарады . Жаңа зауыт өңірдегі «Өндіріс» индустриялық аймағында орналасады. Өнімдері ішкі нарыққа және Орталық Азия елдеріне экспортталады.
Жалпы инвестиция көлемі 70 млн еуро деп бағаланып отыр. Жоба 300-ге жуық жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Зауыт құрылысын Премьер-министр Олжас Бектенов Roca Group компаниясының басшысы Сантьяго де Гомар Рокамен кездесу кезінде талқылады. Бүгінгі таңда Roca Group саладағы әлемдік көшбасшылардың бірі саналады. Компанияның 78 зауыты, 20 мыңнан астам қызметкері бар. Кездесу соңында тараптар Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі, Қызылорда облысының әкімдігі және испаниялық компания арасындағы инвестициялық жобаны жүзеге асыру қағидаттары туралы негіздемелік келісімге қол қойды.
Күн райының күрт бұзылуы салдарынан елдің бірнеше өңірінде жол қозғалысы шектелді. Қазір жолда қалған жолау ...
ҚР Парламент Мәжілісінің жалпы отырысы өтті ...
Сеул қаласында Қазақстанға арналған көрме өтіп жатыр. Онда оңтүстіккореялық журналист Ким Сан Ук түсірген ф ...