Президент Түркі мемлекеттері Парламенттік ассамблеясының спикерлерімен кездесті
Президент Түркі мемлекеттері Парламенттік ассамблеясына мүше елдердің спикерлерімен кездесті. Мемлекет басшысы Парламент ...
Президент Түркі мемлекеттері Парламенттік ассамблеясына мүше елдердің спикерлерімен кездесіп, жиынның маңызына тоқталды. «Парламенттік Ассамблея – өте маңызды саяси құрылым. Біріккен жұмыстың арқасында елдердің экономикалық және мәдени-гуманитарлық дамуы арта түседі. Былтыр Қазақстан Түркі мемлекеттері ұйымына төрағалық етті. «TurkTime» ұранымен бірқатар маңызды жобаны жүзеге асырдық. Астанада V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтті. Түркі әліпбиінің ортақ нұсқасы бекітілді . Мұның бәрі тарихи оқиға, — деді Мемлекет басшысы.
Сондай-ақ Президент Парламенттік ассамблея ұсынған тың бастамаларды қолдайтынын айтып, түркі ықпалдастығына үлес қоса беруге дайын екенін мәлімдеді. Түркі мемлекеттері ұйымының жанындағы Тұрақты өкілдерді тағайындау туралы шешім қабылданғанына, ұйым елдері арасында сауда-экономика, энергетика, қаржы және инвестиция саласындағы байланыс арта түскеніне назар аударды. Жақында «Мажарстанда өткен мемлекет басшыларының бейресми кездесуі нәтижелі болғанын айтып, келесі басқосуды киелі Түркістанда өткізуді ұсындым», — деді.
Ақниет Балтанова
Президент Түркі мемлекеттері Парламенттік ассамблеясына мүше елдердің спикерлерімен кездесті. Мемлекет басшысы Парламент ...
Қазақстан Словакиямен екіжақты және көпжақты серіктестікті тереңдетуге ниетті. Мемлекет басшысы мен словак премьері кеңе ...
Осыдан тура үш жыл бұрын елімізде жалпыұлттық референдум өтіп, азаматтарымыздың көпшілігі Конституцияны жаңарту туралы б ...