Абай облысына қоныс аударушылар көбейді
Биыл Абай облысына көші-қон бағдарламасымен 198 қандас және өзге өңірлерден 221 адам қоныс аударды, деп хаб ...
Абай облысында 54 жастағы ер адам алғаш рет жеке куәлік алды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін Курчатов қаласының тұрғыны ұзақ жыл бойы ескі үлгідегі төлқұжатпен өмір сүріп, ресми азаматтық ала алмай қалған. Бұл оған мемлекеттік және әлеуметтік қызметтерге қол жеткізуге мүмкіндік бермей, күнделікті өмірінде елеулі қиындықтар тудырған.
Миграциялық қызметке жүгінгеннен кейін полиция қызметкерлері оған құжат беру процесіне жедел кіріскен.
2025 жылғы 3 наурызда ер адам ресми түрде Қазақстан Республикасының азаматы атанып, алғашқы жеке куәлігін алды.
Абай облысы Полиция департаменті жеке куәлік адамның құқықтық мәртебесін ғана емес, сонымен қатар, медициналық, әлеуметтік және басқа да мемлекеттік қызметтерге қолжетімділігін қамтамасыз ететінін еске салды.
"Сізде немесе таныстарыңызда құжаттар болмаса, оларды рәсімдеу үшін дереу миграциялық қызметке жүгіну қажет", — деп ескертті полиция.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Биыл Абай облысына көші-қон бағдарламасымен 198 қандас және өзге өңірлерден 221 адам қоныс аударды, деп хаб ...
Қараусыз жануарлар жол-көлік оқиғаларына жиі себеп болатыны мәлім. Абай облысында дрондар малдың бақылаусыз жайылуын ...
Түркістанда 15 жастағы оқушы аяусыз соққыға жығылған, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. Мән-жайы ...