2026 жылғы Олимпиадаға дайындыққа 13 млрд теңге бөлінді - министр
Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов спортшыларды қысқы Олимпиада ойындарына дайындауға 13,3 милли ...
Қазақстанның бірінші, әлемнің 11-ракеткасы Елена Рыбакина Лондон өтіп жатқан WTA 500 турнирінің ширек финалына жолдама алды. Жарысты екінші айналымнан бастаған отандасымыз алғашқы кездесуін дүниежүзілік рейтингіде 164-орында тұрған жергілікті спортшы Хизер Уотсонға қарсы өткізді. Ол іріктеуден кейінгі бірініші ойынында тағы бір қазақстандық спортшы Юлия Путинцеваны жеңіп кеткен еді. Ал бұл жолғы матчта айы оңынан тумады. Жерлесіміз 6:4, 6:2 есебімен жеңісті жұлып әкетті. Бір сағат 23 минутқа созылған бәсекеде Рыбакина 9 эйс жасап, 6 брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды. Уотсон болса, 2 эйспен шектелді. 7 брейк-пойнттың бәрінен мүлт кетті. Қазір Елена Рыбакина жартылай финалдың жолдамасын рейтингте 86-орында тұрған германиялық Татьяна Мариямен сарапқа салып жатыр.
Айта кетейік, бұл турнирдің жүлде қоры 720 миллион теңге.
Асылбек Данияр
Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов спортшыларды қысқы Олимпиада ойындарына дайындауға 13,3 милли ...
«Атырау» футбол командасының құрамынан екі легионер кететін болды. Себеп – келісімшарт мерзімінің аяқталуы, деп жаз ...
Кездесу бейнебайланыс арқылы өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты DW басылымына сілтеме жасап. Онлайн форматта ...