Қоғамға бағытталған полиция моделін қалай құруға болады?
Қазір полиция – жай ғана құқық бұзушылықпен күресуші күш емес, ол бұқарамен бірлесе отырып, қоғамдық тәртіп пен әділ ...
Астанада полиция департаментінің Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл бөлімі қызметкерлеріне арналған арт-терапия семинары өтті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Іс-шара «Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» республикалық акциясы аясында ұйымдастырылған. Жиын ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің, сондай-ақ Қазақстандағы «БҰҰ-әйелдер» құрылымы Кеңсесінің қолдауымен өтті.
Семинар барысында тәртіп сақшылары кәсіби күйзелістің алдын алу жолдарын, психологиялық тұрғыдан өз-өзіне қолдау көрсету әдістерін үйренді. Сонымен қатар, қатысушылар үшін арнайы арт-терапия сеансы ұйымдастырылды. «Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» науқаны биыл 20 мамыр мен 20 маусым аралығында еліміздің барлық өңірінде өтіп жатыр.
Басты мақсат — қоғам назарын тұрмыстық зорлық-зомбылықтың өзекті мәселесіне аудару, отбасы құндылықтарын, өзара сыйластық пен қолдауды насихаттау, сондай-ақ құқық қорғау органдарының осы саладағы жұмысы жөнінде көпшілікті хабардар ету болып отыр, — деп жазылған елорда әкімдігі таратқан хабарламада.
Қазір полиция – жай ғана құқық бұзушылықпен күресуші күш емес, ол бұқарамен бірлесе отырып, қоғамдық тәртіп пен әділ ...
Ақмола облысының полициясына сұлулық салонында жұмыс істейтін тұрғын әйел жүгініп, Instagram желісінен шырша сату тура ...
Түркістанда полицейлер 8,5 миллион теңге шығын келтірген ұрлықтың бетін ашты, — деп хабарлайды Massaget.kz ...