Қазақстанда 370 ауыл ішімдіктен түбегейлі бас тартты
Бүгінге дейін 370 елді мекен тұрғындары ішімдіктен түбегейлі бас тартты. Соның нәтижесінде ауыл-аймақта қылмыс сан ...
Атом энергиясы жөніндегі агенттік АЭС-тің қауіпсіздігі үшін жауапты болатын мемлекеттік органдарды атады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі .
Ядролық және радиациялық қауіпсіздікті қадағалайтын негізгі орган — Атом энергиясы агенттігінің атомдық қадағалау және бақылау комитеті. Ол барлық қауіпсіздік талабы сақталуын бақылауға, тексеруге, лицензиялауға жауапты.
Экология және табиғи ресурстар министрлігі қалдықтар өңделуін, қоршаған ортаға радиациялық әсерді — жалпы экологиялық нормативтер сақталуын бақылайды.
"Басқа мемлекеттік органдар өз құзыреті шеңберінде өнеркәсіп қауіпсіздігі, су ресурстарын қорғау, санитариялық қадағалау, төтенше жағдайлар және басқа да бағыттағы мәселелерде жұмылдырылады. Ядролық қауіпсіздіктің халықаралық стандарттары сақталуына АЭХА тарапынан бақылау жүргізіледі", — деді ведомство өкілі.
2025 жылы ақпанда Қазақстанда АЭС салынатын орын ресми түрде бекітілді. Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойған қаулыға сәйкес Алматы облысы Жамбыл ауданы Үлкен ауылы алғашқы АЭС салынатын орын болып белгіленді.
Жуырда ресейлік "Росатом" компаниясы Қазақстандағы алғашқы АЭС-тің құрылысын жүргізетін халықаралық консорциумның көшбасшысы болып таңдалды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Бүгінге дейін 370 елді мекен тұрғындары ішімдіктен түбегейлі бас тартты. Соның нәтижесінде ауыл-аймақта қылмыс сан ...
Тарифтің нақты мөлшері барлық есептеулер мен келісімдер аяқталған соң ғана белгілі болады. Бұл туралы Атом э ...
Атом энергетикасы жөніндегі агенттік Қазақстандағы алғашқы АЭС құрылысына таңдалған консорциумға қатысты п ...