«Атырау» футбол клубы екі легионермен келісімшартты ұзартпады
«Атырау» футбол командасының құрамынан екі легионер кететін болды. Себеп – келісімшарт мерзімінің аяқталуы, деп жаз ...
Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрлігі хабарлады.
31 мамырда "Ақжайық" мемлекеттік табиғи резерватында тұтанған қамыс өрті бүгін толығымен сөндірілді, деп жазады inbusiness.kz сайты.
"2025 жылғы 24 маусым күні сағат 14:00-де "Ақжайық" мемлекеттік табиғи резерватының аумағында орын алған өрт толықтай сөндірілді", – делінген министрлік хабарламасында.
Тілсіз жаумен күреске Төтенше жағдайлар министрлігінің 150 қызметкері және 35 техника бірлігі жұмылдырылды. Өрт себебі әлі анықталған жоқ. Министрліктің хабарлауынша, ТЖМ қызметкерлері қазіргі таңда өрттің шығу себептерін анықтап жатыр.
Айта кетейік, "Ақжайық" мемлекеттік табиғи резерватында қамыс өрті бір айға дуық бықсып жанды. Табиғи апат салдарынан Атырау қаласының халқы көк түтінге тұншығып, зардап шекті.
Қызыл жалын 1500 гектардан астам аумақты шарпыған. Су жағасындағы қамыс отқа оранғаны себепті, өртті сөндіру жұмыстары ұзаққа созылған.
Сондай-ақ минералды жолақ жүргізуге қосымша 10 ауыл шаруашылығы техникасы жұмылдырылды. Ал өрттің шығу себебін анықтау үшін қылмыстық іс қозғалып, тергеп-тексеру басталды. Себебі, бақылау жүйелері өшірілген болуы мүмкін деген болжам айтылды.
«Атырау» футбол командасының құрамынан екі легионер кететін болды. Себеп – келісімшарт мерзімінің аяқталуы, деп жаз ...
Атырауда желдің күшеюі мен ауа райының нашарлауына байланысты барлық мектептер қашықтан оқыту форматына өтті, ...
Бүгін Ақтау және Атырау қалаларынан ұшып шығуды жоспарлап отырған жолаушыларға рейстердің кешігетіні туралы хабарлам ...