Қар құрсауында қалған жолаушыларға көмек көрсетілді
Күн райының күрт бұзылуы салдарынан елдің бірнеше өңірінде жол қозғалысы шектелді. Қазір жолда қалған жолау ...
Семейде жол апатынан сау тамтығы қалмаған көліктердің шеруі өтті.
Осылайша полицейлер «Заң мен тәртіп» қағидасы аясында жол ережесін сақтамаудың нақты салдарын көрсетті. Бұның басты мақсаты жол қауіпсіздігін нығайту мен тұрғындардың құқықтық мәдениетін арттыру болды. Былтыр облыс бойынша дәл осы кезеңге дейін жол апатынан 22 адам көз жұмса, биыл 19 адам мерт болды. Қайғылы оқиғаларға көбінесе жылдамдықты шамадан тыс асыру себеп, дейді тәртіп сақшылары.
Мерхат Қалелов, патрульдік полиция батальонының командирі:
- Эвакуаторлармен жол-көлік оқиғасына ұшыраған көліктер көшеге шығарылды. Бұл шара жол ережесін бұзудың нақты салдарын көрсетіп, жүргізушілерге ой салу мақсатында ұйымдастырылды.
Күн райының күрт бұзылуы салдарынан елдің бірнеше өңірінде жол қозғалысы шектелді. Қазір жолда қалған жолау ...
ҚР Парламент Мәжілісінің жалпы отырысы өтті ...
Сеул қаласында Қазақстанға арналған көрме өтіп жатыр. Онда оңтүстіккореялық журналист Ким Сан Ук түсірген ф ...