Алматыда жаңа жылдық отшашуды қайдан тамашалауға болады?
Жылдың соңғы кешінде Алматы жарқын мерекелік атмосфераға бөленеді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. 3 ...
Мемлекет басшысының тапсырмасымен Алматы әкімі әуежай қызметкерін құтқарған азаматты марапаттады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Алматы әкімі Ерболат Досаев мемлекет басшысының тапсырмасымен төтенше жағдайда көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін Мұса Әбдірайымды «Ерлігі үшін» медалімен марапаттады.
Сондай-ақ Мұса Әбдірайымға ақшалай сыйақы табысталды.
52 жастағы азамат жолаушы ретінде Алматы халықаралық әуежайының ұшуға дейінгі тексеру аймағына кірген қылмыскердің қолындағы пышағын тартып алды. Батылдық пен шапшаңдықтың арқасында ол әуежай қызметкерінің өмірін сақтап қалды.
Қазақстан президентіне орасан зор көңіл бөліп, құрмет көрсеткені үшін шын жүректен алғысымды білдіремін. Біздің елде әрқашан бейбіт аспан, келісім мен өркендеу болсын! — Мұса Әбдірайым.
Айта кетейік, 7 наурызда Алматы әуежайында белгісіз ер адам әйелді кепілге алмақ болып, пышақпен қорқытқан. Сол маңдағы бейтаныс адам қаскүнемді әңгімеге айналдыра отырып, сәті келгенде қолынан пышақты жұлып алған. Ол неліктен мұндай әрекетке барғаны әзірге белгісіз.
Одан кейін Тоқаев Алматы әуежайында қылмыскердің суық қаруын тартып алып, ұстауға көмектескен ер адамды «Ерлігі үшін» медалімен марапаттады.
Жылдың соңғы кешінде Алматы жарқын мерекелік атмосфераға бөленеді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. 3 ...
Тауда жоғалған үш адамның бірі қаза болды. Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті таулы аймақта іздестіру ...
Жаңа интеллектуалды локация «Қолжетімді кітапханалар» бағдарламасы аясында орындалды. Жоба білім беру ортасын цифрлы ...