Арменияға бидай экспорты артады
Биыл біздің ел Арменияға бидай жөнелте бастады, деп хабарлайды 24KZ. Айдың басында алғашқы мың тоннасы 15 в ...
Парламент Мәжілісі осы үшінші сессия барысында 39 жалпы отырыс өткізіп, 90 заңды қабылдады , деп хабарлайды 24kz.
39 халықаралық келісім бекітіліп, мемлекеттік органдардың басшыларына 461 депутаттық сауал жолданған. Депутаттар азаматтардың жеке өтініштері бойынша 2 мыңнан астам қабылдау өткізген. Парламенттік каникул қарсаңында атқарылған жұмысты қорытындылай келе, Палата төрағасы Ерлан Қошанов Мәжіліс қызметінің кейбір нәтижелеріне қысқаша тоқталды.
Атап айтқанда, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысты тәсілдер қайта қаралды. Бұл сессия барысында да балалар құқығын қорғауға баса назар аударылып, заңнамалық тұрғыда кәсіби отбасы институты енгізілді. Қызметтің басты бағыттарының бірі – «Заң мен тәртіп» қағидатын одан әрі іске асыруға арналды. Спикер бюджеттік-фискалдық рәсім тәсілдері толығымен қайта қаралып, қабылданған жаңа Бюджет кодексі процестерді едәуір жеңілдеткенін атап өтті.
Ерлан Қошанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы:
- Сонымен бірге біз қалыптасқан дәстүр бойынша өңірлердегі кездесулер барысында сайлаушыларымыз көтерген түйткілдерді шешу жолдары жөнінде Үкіметтің жауабын тыңдадық. Үкімет сағаттарында, комитет отырыстарында, партия фракцияларының іс-шараларында бұл мәселелер жан-жақты, қызу талқыланды. Палата өз жұмысының алғашқы күндерінен бастап заң шығару процесінің ашықтығы мен айқындығын сақтап келеді. Келесі сессияда да біздің алдымызда бірқатар маңызды заң қабылдау міндеті тұр. Атап айтқанда, Құрылыс кодексі, сондай-ақ құқық бұзудың алдын алу, тұтынушылардың құқықтарын қорғау, банктер және банк қызметі туралы, басқа да көптеген маңызды заңдар бар.
Биыл біздің ел Арменияға бидай жөнелте бастады, деп хабарлайды 24KZ. Айдың басында алғашқы мың тоннасы 15 в ...
Бүгін тиісті нормалар қабылданды. Мәжілістің жалпы отырысында "ҚР кейбір заңнамалық актілеріне қауіпсіз еңбек ...
t.me/aqorda_resmi Мемлекет басшысы Қазақстан мен Эстонияның іскерлік топ өкілдері қатысып жатқан бизнес-форум сауд ...