Павлодарда нашар баға алған оқушының әкесі мұғалімді соққыға жыққан
Павлодар облыстық полиция департаменті мұғалім мен оқушының әкесі арасындағы төбелес туралы ақпаратқа түсінікт ...
Павлодарда екі күн бойы сүт бизнесін дамыту тетіктері талқыланады, деп хабарлайды 24kz.
Облыс орталығында «PRO Молоко-25» IV Халықаралық форумы және «QazaqSut» мамандандырылған көрмесі өтіп жатыр. Форумның салтанатты ашылуына орай ауылшаруашылық техникалары мен өнімдерінің көрмесі ұйымдастырылған. Ертіс-Баян өңіріне алыс-жақын шетелден және еліміздің әр өңірінен арнайы келген сарапшылар мен тауар өндірушілер өзара пікір алмасады.
Форумның Павлодарда өтуі кездейсоқ емес. Өңір сүт өндіру және тауарлы-сүт фермаларын салу бағытында бірсыпыра жетістікке қол жеткізді. Облыста заманауи технологияларға негізделген 17 тауарлы-сүт фермасы бар.
Серік Батырғожинов, Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары:
- Біз Павлодар облысында соңғы төрт жылда үлкен нәтижеге жеттік. Жетістікке сеп болған осындай көрмелер, бұл жерде біздің сүт өндіруші азаматтар, сіздер білесіздер, соңғы жылы төрт ферма ашылды. Әр сиырдың өнімділігі 25-30 литрден асады.
«PRO Молоко-25» форумы – тәжірибе алмасу, озық технологияларды таныстыру. Ең бастысы, халықаралық ынтымақтастықты дамытуға арналған тиімді платформа. Форум аясында қатысушылар сүт өндірісінде кездесетін өзекті мәселелерді де талқылайды. Мемлекеттік қолдау тетіктерімен танысады.
Азат Сұлтанов, ҚР Ауылшаруашылығы вице-министрі:
- Солтүстік Қазақстан облысының тәжірибесімен бағдарлама атқарып жатырмыз, 2,5%-пен несие береміз.Павлодар облысы да осы бағдарламаға қатысып отыр.
Вячеслав Руф, форумға қатысушы:
- Біз сүт өндірісін мемлекеттік қолдаудың арқасында дамытып келеміз және мамандандырылған көрмелерге үнемі қатысуға тырысамыз. Мұндай жиындар бизнес өкілдерін ынталандырады.
Форум еліміздің сүт саласының дамуына өз үлесін қосады деген үміт бар. Тәжірибе алмасу, жаңа серіктестіктер мен технологиялық шешімдер. Бұл агробизнестің болашағы үшін қажет.
Авторлары: Қарлығаш Қасиетова, Дәулет Қошқарбаев, Марат Игіліков