Тіл туралы заң: қоғамдық тамақтану орындарына қандай талап қойылады?
Кез келген бизнес Қазақстан Республикасының тіл туралы заң талаптарын сақтауға міндетті. Ереже бұзылса, кли ...
Елде шамадан тыс көбейген ақбөкен санын реттеу жұмыстары алдағы айда басталады, деп хабарлайды 24KZ. Шілдеден желтоқсанға дейін Бетпақдала популяциясынан 290, ал Орал популяциясынан 460 мың бас киікті табиғаттан алу көзделген. Киік саны тормен аулау және мылтықпен ату әдістері арқылы азайтылмақ.
Бүгін Экология министрі Ерлан Нысанбаев пен ауылшаруашылық вице-министрі Аманғали Бердалин Батыс Қазақстан облысында болып, шаруалармен, қоғам белсенділерімен кездесті. Жиында биыл да мал азығын дайындаудан қиындық көріп отырған шаруаларға көмектесу, киіктің етін өңдеп, нарыққа шығару мәселелері талқыланды.
Әлжан Шәмшідін, БҚАТУ проректоры:
- Бұл енді сәл де болса санын тоқтата тұрады деген үміттеміз. Әйтпесе қатты әсерін тигізе қоймайды. Биылғы төлдеу есебімен алғанда 3,5 млн болады. Ет комбинаттары тезірек іске қосылса, Экология министрлігінің тапсырмасымен киік етінің тағамдық құндылығын зерттеулер бойынша жұмыстар жүргізілді.
Бауыржан Сабанов, шаруа қожалығының жетекшісі:
- Былтыр төтенше жағдай жарияланды. Соған орай биыл да тап сондай болайын деп тұр. Халықта, оңтүстік аудандардағы халықта шөп болмайын деп тұр. Соған орай гуманитарлық көмек ретінде продкорпорация арқылы оңтүстік аудандарға жеммен көмек берілсе екен деп сұрадым.
Кез келген бизнес Қазақстан Республикасының тіл туралы заң талаптарын сақтауға міндетті. Ереже бұзылса, кли ...
Альбина Ержанова, Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының тас және қола дәуірі археологиясы бөліміні ...
Биыл біздің ел Арменияға бидай жөнелте бастады, деп хабарлайды 24KZ. Айдың басында алғашқы мың тоннасы 15 в ...