Қар құрсауында қалған жолаушыларға көмек көрсетілді
Күн райының күрт бұзылуы салдарынан елдің бірнеше өңірінде жол қозғалысы шектелді. Қазір жолда қалған жолау ...
Елде жыл басынан бері 14 500-ден астам жол-көлік оқиғасы тіркелді. 731 жағдай адам өлімімен аяқталды. Жол апатынан көз жұмғандардың көбі Түркістан облысынан. Мәселеге тіпті Мемлекет басшысы алаңдаушылық білдірді. Енді жол-көлік оқиғаларының алдын алуға жасанды интеллекті пайдаланылады.
Қазір барлық жол камерасы мен интеллектуалды жүйелерді біріктіретін «ТОР» бірыңғай цифрлық платформасы құрылды. Ол көлік қозғалысын бақылауға, іздеудегі көліктерді анықтауға, агрессивті жүргізу фактілерін тіркеуге және жол-көлік оқиғаларының карталарын жасауға мүмкіндік береді. Ал патрульдік полицияның қызметтік автокөліктері жол жүру ережелерінің бұзылуын қозғалыс кезінде тіркейтін мобильді кешендермен жабдықталып жатыр. Сонымен қатар «ақылды жаяу жүргінші өткелі» жүйесін орнату жоспары бар. Қазір елдегі 1,5 млн сыртқы бақылау камераларының 19 мыңы жасанды интеллектімен жасақталған.
Күн райының күрт бұзылуы салдарынан елдің бірнеше өңірінде жол қозғалысы шектелді. Қазір жолда қалған жолау ...
ҚР Парламент Мәжілісінің жалпы отырысы өтті ...
Сеул қаласында Қазақстанға арналған көрме өтіп жатыр. Онда оңтүстіккореялық журналист Ким Сан Ук түсірген ф ...