Алматыда жаңа жылдық отшашуды қайдан тамашалауға болады?
Жылдың соңғы кешінде Алматы жарқын мерекелік атмосфераға бөленеді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. 3 ...
Қазгидромет синоптиктері 28-30 маусым аралығында Астана мен Алматыда ауа райы қандай болатынын айтты, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
28 маусымда елордада ауа райы бұлтты болады, күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен түнде 3-8 м/с, күндіз 9-14 м/с жылдамдықпен соғады. Түнгі ауа температурасы +13…+15°C, күндіз +25…+27°C болады.
29 маусымда да ауа райы бұлтты болады, кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін. Жел оңтүстік-батыстан соғады, екпіні — 9-14 м/с. Түнде +13…+15°C, күндіз +20…+22°C.
30 маусымда да ауыспалы бұлтты ауа райы болжанып отыр, кей жерлерде жауын-шашын жауады, найзағай ойнайды. Жел бағытын оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауыстырады, жылдамдығы — 9-14 м/с. Түнде ауа температурасы +11…+13°C, күндіз +22…+24°C болады.
28 маусымда Алматыда ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Жел солтүстік-шығыстан соғады, екпіні — 3-8 м/с. Түнде +17…+19°C, күндіз +29…+31°C.
29 маусымда да жауын-шашын жаумайды. Жел шығыстан соғады, екпіні — 3-8 м/с. Түнде +18…+20°C, күндіз +31…+33°C болады.
30 маусымда түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін. Жел оңтүстік-батыстан соғады, екпіні 13 м/с дейін жетуі мүмкін. Түнде +18…+20°C, күндіз +28…+30°C болады.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Жылдың соңғы кешінде Алматы жарқын мерекелік атмосфераға бөленеді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. 3 ...
Қазақстанда ауа райының күрт нашарлауына байланысты маңызды жол учаскелерінде көліктің барлық түрі үшін шектеу енгіз ...
Тауда жоғалған үш адамның бірі қаза болды. Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті таулы аймақта іздестіру ...