2026 жылғы Олимпиадаға дайындыққа 13 млрд теңге бөлінді - министр
Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов спортшыларды қысқы Олимпиада ойындарына дайындауға 13,3 милли ...
Танымал футболшы, Португалия құрамасы мен Англиялық «Ливерпуль» командасының ойыншысы Диогу Жота қайтыс болды. Рейтер агенттігінің ақпаратынша, спортшы жол апатынан қаза тапқан. Оқиға Испанияның батысындағы Самора провинциясында болған. Қатты жылдамдықпен келе жатқан көлік жолдан шығып кеткен. Артынша аударылып, өртеніп кеткен. Көлікте 28 жастағы футболшының қасында ағасы да болған екен. Жота «Ливерпуль» сапында 2020 жылдан бері ойнады. Англия чемпионы атанып , Англия кубогы мен Англия лигасының кубогын жеңіп алды. Бұған дейін ол бірқатар клубта доп тепкен. Португалия құрамасында да сәтті өнер көрсетіп, екі рет UEFA Ұлттар лигасында чемпион болған.
Асылбек Данияр
Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов спортшыларды қысқы Олимпиада ойындарына дайындауға 13,3 милли ...
«Атырау» футбол командасының құрамынан екі легионер кететін болды. Себеп – келісімшарт мерзімінің аяқталуы, деп жаз ...
Қытайдың Шэньчжэн қаласында теннистен «World Tennis Continental Cup» турнирі басталды. Бұл жарыста Әлем құрамасы Еур ...