• 21-11-2025

Алматыда UILI BOLAYIK қаржы пирамидасы анықталып, қызметі тоқтатылды

Алматыда UILI BOLAYIK қайырымдылық қоры қаржы пирамидасы болып шықты.

Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі хабарлады. Жарнамасы жер жарған жобаны ұйымдастырушылар тұрғындарға мүлікті пайызсыз бөліп төлеу арқылы сатып алуды ұсынған. Салымшылардың жинағына ай сайын 30%-ке дейін табыс, сондай-ақ өзінен кейін тіркеген әр адам үшін 10% сыйақы уәде етілген. Тұрғындардың қаражаты ұйымдастырушылардың жеке шотына аударылып отырған. Ал қордың ресми есепшоттары бос күйінде тұрған.

Ернар Тайжан, ҚР ҚМА ресми өкілі:

- Нәтижесінде бұл қаржы пирамидасына 515 салымшы тартылып, 50 млн теңгеден астам қаражат жиналған. Сот санкциясымен күдіктінің банктік шоттарына тыйым салынды. Оған қатысты елден шығуға тыйым салу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жалғасуда.