Жетісу облысында таулы аймақ өртенді
Жетісу облысына қарасты Алакөл ауданы Көкмойын шатқалындағы таулы жерлерде құрғақ шөп отқа оранды. Қазір ...
Астана қаласы Қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында Перизат Қайратқа қатысты басты сот отырысы жүріп жатыр .
Қайырымдылық қорының жетекшісі мен оның анасына 3,5 млрд теңгені жымқырды деген айып тағылып отыр. Ол қаражатты қазақстандықтар былтырғы су тасқынынан зардап шеккендерге көмекке жинап берген. Басында судья сот ашық режимде өтеді деген болатын. Кейін БАҚ өкілдеріне сот залынан ақпарат таратуға рұқсат берілді. Бүгін қандай куәгерлерден жауап алынды. Қайырымдылыққа арналған миллиардтаған қаржы қалай қолды болған екен?
Серік Селеубайұлы тілші:
- Дәл қазір отырыста куәгерлер мен зардап шеккендерден жауап алынып жатыр. Алғашқы болып Атыраудағы SolarA.kz құрылыс компаниясының басшысы Бексұлтан Медеуов жауап берді. Оның айтуынша, 2021 жылы қазанда Перизат Қайрат Астанада мүгедек балаларды оңалту орталығын салуға көмектесуін сұраған. Сондықтан 24 қарашада 5 млн теңгесін қоғамдық бірлестіктің шотына аударып жіберген. Бүгін оңалту орталығы және қайырымдылық фестивалі бойынша іс қаралып жатыр. Сонымен қатар мемлекеттік айыптаушы айыпталушының қоғамдық бірлестіктің қаражатын жеке кәсіпкерлермен жалған келісім жасасу арқылы жымқырып, ол қаржыға қымбат мүліктер сатып алғаны туралы мәлімдеді. Оның ішінде автокөліктер, жылжымайтын мүлік және коммерциялық ғимарат та бар. Сонымен қатар, табысты кәсіпкер образын қалыптастыру мақсатында гүл сататын дүкенді сатып алған. Келісім жасасу кезінде құжатта жарғылық капитал көлемін 2 млн теңгеге дейін төмендетіп, қалған 21 млн теңгені қолма-қол апарып бергені де айтылған. Перизат Қайрат тағылған айыптарды мойындамады. Сонымен қатар, қордың алғашқы құрылтайшыларынан да жауап алуды сұрады. Дәл қазір кешігіп келген тағы бір құрылыс компаниясының басшысы Мөлдір Сүйіншіәліден жауап алынып жатыр. Ол да «Біз біргеміз» қорына 10 млн теңге аударғанын айтып, қаражатты қайтаруын сұрап отыр. Біз сот процесін одан әрі бақылаймыз.