Алматы тұрғыны әлеуметтік желіде "жарылыс жасаймын" деп пікір қалдырған
Ол дереу ұсталып, полиция бөлімшесіне жеткізілді. Алматының 21 жастағы тұрғыны әлеуметтік желідегі жазб ...
Алматы қаласының Қоғамдық кеңістіктерді дамыту басқармасының басшысы тағайындалды , — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Алматы әкімі Дархан Сатыбалдының өкімі бойынша, Алматы қаласының Қоғамдық кеңістіктерді дамыту басқармасының басшысы лауазымына Батырхан Сүлейменов тағайындалды", — делінген хабарламада.
Батырхан Сүлейменов 2015 жылы Ұлыбританиядағы Кардифф Метрополитен университетін "менеджмент" мамандығы бойынша тәмамдаған, Халықаралық көлік-гуманитарлық университетінің құрылыс магистрі.
Еңбек жолын 2014 жылы халықаралық Deloitte аудиторлық ұйымында бастаған. Әр жылдары коммерциялық және мемлекеттік ұйымдарда басшылық лауазымдарда қызмет атқарған. 2017 жылы құрылыс компаниясының бас директоры қызметін атқарды. 2020–2024 жылдары Алматы қаласының Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасы басшысының орынбасары болған.
2024–2025 жылдары Алматы қаласының Сейсмикалық қауіпсіздік және мобилизациялық дайындық басқармасының басшысы міндетін атқарған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ол дереу ұсталып, полиция бөлімшесіне жеткізілді. Алматының 21 жастағы тұрғыны әлеуметтік желідегі жазб ...
Алматы мәслихаты жеңілдігі бар тәртіппен жұмыс істейтін кәсіпкерлер үшін салық мөлшерлемесін 3%-ға дейін түсір ...
Су ресурстары және ирригация министрінің бұйрығымен Серік Саиров Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының (ҚазСШ ...