• 31-07-2025

Барлық кедергіні еңсере алатын робот-ит

Дания елінде ғалымдар жылан уына қарсы емді жасанды интеллектінің көмегімен әзірлеп жатыр. Жаңа дәрі едәуір арзан, әрі тиімді болуы мүмкін. Ал Қытайда түрлі кедергіден қорықпай, кез-келген жерде емін-еркін қозғалатын ит тәріздес робот таныстырылды .

Ит тәріздес бұл робот кез-келген жер бедеріне бейімделіп, жүре береді. Баспалдаққа шығып, түсе алады. Қажет арқасын тік ұстайды. Бұл құрылғы Шанхайда өткен Дүниежүзілік жасанды интеллект Конференциясында таныстырылды. LYNX M20 атты роботты Қытайдың Deep Robotics компаниясы жасап шыққан.

Цян Сяоюу, Deep Robotics компаниясының аға маркетинг және коммуникация менеджері:

Дөңгелегі бар роботтар тез қозғалса, аяғы барлар түрлі кедергілерден оңай өтеді. Ал біздің роботымыздың аяғы да, дөңгелегі де бар.

Жобалаушылардың айтуынша, түрлі сенсорлармен жабдықталған құрылғы іздеу мен құтқару жұмыстарына, сондай-ақ төтенше жағдайлар кезінде қолдануға арналған.

ЖИ көмегімен жылан уына қарсы жаңа ем әзірленеді

Даниядағы ғылыми топ бастаған жоба жасанды интеллект көмегімен жылан уына қарсы жаңа ем әзірлеп жатыр. Ғалымдар қауіпті токсиндерді анықтап, олардың құрылымын зерттейді. Кейін оны жасанды интеллект моделдеріне енгізеді.

Тимоти Дженкинс, Данияның техникалық университетінің доценті:

Бұл модельдер арқылы біз адамның жүйке жүйесі мен жасушаларын зақымдап, қан ұйытатын токсиндерге төтеп бере алатын ақуыздарды жобалаймыз.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, жыл сайын әлемде 4,5 млн-нан 5,5 млн-ға жуық адамды жылан шағады. Салдарынан 81 мыңнан 138 мыңы көз жұмады. Ғалымдардың бастамасы қазіргі кезде қолданылып жүрген уға қарсы дәрілердің орнын толық алмастырмаса да, оны қосымша ем ретінде қолдануға болатынын айтылады. Ал келешекте, бұл ем-дом тиімді әрі арзан болады деген сенім бар.

ЖИ 148 мектепте ауа сапасын бақылайды

БҰҰ Балалар қоры, яғни ЮНИСЕФ Лаос мемлекетіндегі 148 мектепке жасанды зейін негізінде ауа сапасын бақылайтын құрылғылар орнатылып жатыр. Бұл бастамаға жауапты. Техника ауаның ластану қаупін дер кезінде анықтайды. Осылайша, мектеп әкімшілігі мен жергілікті билік тиісті шаралар қолданып, оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етпек.

Темірлан Нұржанұлы