Тіл туралы заң: қоғамдық тамақтану орындарына қандай талап қойылады?
Кез келген бизнес Қазақстан Республикасының тіл туралы заң талаптарын сақтауға міндетті. Ереже бұзылса, кли ...
Үкімет басшысы сондай-ақ Қызылорда облысына жұмыс сапарымен барды.
Олжас Бектенов мұнда да су шаруашылығы нысандарын аралады. Президент тапсырмасына сәйкес, елде аграрлық секторға су үнемдеу технологиясын енгізуге айрықша көңіл бөлініп отыр. Озық әдіске иек артқандардың бірі — Шиелі ауданындағы «Ақмая» шаруа қожалығы. Үкімет басшысы ырыздығын жерден терген еңбек адамдарымен жүздесіп, егіс басында болды. Сырдария ауданында орналасқан «Әйтек» су торабының жұмысын тексерді. Аймақ атқамінерлері өңірдегі гидронысандардың жағдайын егжей-тегжейлі баяндады. Сапар қорытындысы бойынша Премьер-министр тіршілік нәрін үндемдеуге көшкен шаруаларды ынталандыру қажеттігін айтты.
Абзал Ералиев, облыстық күріш өндірушілер және өңдеушілер қауымдастығының президенті:
- Мемлекет тарапынан жоғары қолдау көрсетіліп жатыр. Қазірдің өзінде облысқа су тартатын насостар берілді. Сондай-ақ су тартатын қондырғылар орнатуға Үкіметтен 1 млрд-қа жуық қаржы бөлінгенін естіп қуанып жатырмыз. Біз егіс көлемін жыл сайын ықшамдап отыруымыз керек. Облысқа, республика қажетті көлемде ғана күріш өнімін өндіруміз қажет.
Кез келген бизнес Қазақстан Республикасының тіл туралы заң талаптарын сақтауға міндетті. Ереже бұзылса, кли ...
Альбина Ержанова, Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының тас және қола дәуірі археологиясы бөліміні ...
Биыл біздің ел Арменияға бидай жөнелте бастады, деп хабарлайды 24KZ. Айдың басында алғашқы мың тоннасы 15 в ...