Ауа райына байланысты төрт облыста республикалық жолдар жабылды
Ақмола мен СҚО-да бірқатар автожолда қозғалыс шектелді. Бүгін сағат 08:30-да ауа райының қолайсыздығына байланысты ...
Биыл Қазақстан мен Қырғызстанның дипломатиялық қарым-қатынас орнатқанына 33 жыл,деп хабарлайды 24kz.
Осы уақыт бедерінде бауырлас елдердің байланысы нығайып, жаңа деңгейге шықты. Бүгін қырғыз тарапының шақыруымен Қазақстан Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Қырғыз Республикасына барды. Ол Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровпен кездесіп, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық қатынастардың өзекті мәселелерін талқылады. Жалпы былтыр екі елдің тауар айналымы 1,7 миллиард долларға жеткен. Ал Қазақстаннан Қырғызстанға тасымалданатын экспорт көлемі 9%-ке артты.
Мұрат Нұртілеу, ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі:
- Күн тәртібіндегі көптеген мәселелер бүгін шешімін тауып, елдеріміз бұрынғыдан жақындаса түсуде. Осы мүмкіндікті пайдаланып Қазақстан Президенті Қ.Тоқаевтың өзіңізге жолдаған дұғай сәлемін ең ізгі тілегін жеткізуге рұқсат етіңіз. Мемлекет басшысы және қазақ елі сіздің екіжақты қатынасты дамытудағы үлкен үлесіңізді жоғары бағалайды.
Ақмола мен СҚО-да бірқатар автожолда қозғалыс шектелді. Бүгін сағат 08:30-да ауа райының қолайсыздығына байланысты ...
2030 жылға дейін Қазақстанда 1000-ға жуық жолаушылар вагоны жаңартылады 2026 жылы Қазақстанға 91 жаңа жолаушылар в ...
Сеул қаласында Қазақстанға арналған көрме өтіп жатыр. Онда оңтүстіккореялық журналист Ким Сан Ук түсірген ф ...