Шри-Ланка 2025 жылдың басынан бері туризмнен 2,6 млрд доллардан астам табыс түсірді
2025 жылдың алғашқы он айында Шри-Ланка туризм саласынан 2,66 млрд доллар табыс тапты, деп хабарлайды Синьхуа аге ...
Астанадан Белградқа тікелей әуе рейсі ашылуы мүмкін. Бұл туралы қазақстандық-сербтік үкіметаралық комиссия отырысында айтылды. Жаңа бағытты Белградтан Марокко, Тунис, Барселона мен Ларнакаға дейін ұзарту жайы да қарастырылып жатыр. Бұдан бөлек, жиында біздің тарап ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын арттыруға мүдделі екенін жеткізді. Атап айтқанда, бұршақ дақылы, өсімдік майы, балық, ет пен сүт өнімдерінің саудасын еселеуге бейіл. Қазірдің өзінде екі ел арасында ауыл шаруашылығы бағытындағы алыс-беріс 4 миллион долларға жеткен. Бұл былтырғы жылдан 1 жарым есе көп.
Серік Жұманғарин, ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі:
Бүгінгі үкіметаралық комиссия отырысында Қазақстан мен Сербия арасындағы ынтымақ жайын жан-жақты талқыладық. Екі ел алыс-берісті жылдан жылға көбейтіп келеді. Ауыл шаруашылығы ғана емес, денсаулық сақтау, туризм, ғылым, мәдениет салаларында да бірлескен жобаларды арттыруға болады.
Жанел Өтеулі
2025 жылдың алғашқы он айында Шри-Ланка туризм саласынан 2,66 млрд доллар табыс тапты, деп хабарлайды Синьхуа аге ...
Ұлттық статистика бюросының алдын ала дерегінше, 2025 жылдың 10 айында еліміздің Жалпы ішкі өнімі өткен жылдың сәйкес ке ...
Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі мәлім етті. Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының "Жасанды ...