Әлемдегі ең ірі банктің бірі Ресейден кетеді
Қаржы ұйымы Ресейдегі соңғы активтерін сатып жатыр. Citigroup америкалық банк конгломераты Ресейдегі соңғы бизнесі ...
Кәмелетке толмаған адамға сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық жасағаны үшін қазақстандық Ресей Федерациясынан экстрадицияланды , — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қаскүнем 2024 жылы қарашада Қостанай облысында жасөспірімнің пәтеріне келген. Күдікті жасөспірімнің ата-анасымен достық қарым-қатынаста болған. Ер адам жәбірленушімен жалғыз қалғанда баланың жасы мен психикалық ауруын біле тұра, жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық жасаған.
"Осы қылмысты жасағаннан кейін күдікті Қазақстан аумағынан шығып кеткен, оған халықаралық іздеу жарияланды. Былтыр ол Ресей Федерациясының Челябі облысында ұсталып, Бас прокуратураның сұрауы бойынша Қазақстанға экстрадицияланды", — деп жазылған хабарламада.
Күдікті тергеу изоляторына қамалды.
Айта кетейік, бұл іс-әрекет үшін белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, он бес жылдан он жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Қаржы ұйымы Ресейдегі соңғы активтерін сатып жатыр. Citigroup америкалық банк конгломераты Ресейдегі соңғы бизнесі ...
Елдің Сыртқы істер министрлігі осындай үндеу жасады. Ресейдің Сыртқы істер министрлігі ресейліктерге Германияға ба ...
Бұған украин дрондарының өткен айдағы шабуылынан кейін Ресейдің мұнай тиеу инфрақұрылымындағы жөндеу жұмыстарының тұра ...